"Мəңгілік ел алыптары"- атты Республикалық рухани патриоттық байқау
Бəрекелді, Сафиянұр! Бірлік ауылындағы С.Қожанов атындағы N 55 жалпы орта мектептің 4а сынып оқушысы Жарқынқызы Сафиянұр Түркістан қаласында "Мəңгілік ел алыптары"- атты Республикалық рухани патриоттық байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш шараны ұйымдастырған Алматы қаласының "Жеті өнер" орталығынан сыйлыққа 2020 жылы 7-10 мамыр аралығында өтетін Халықаралық "Жеті өнер" байқауына тегін қатысуға Сертификат ұтып алды. Сондай-ақ "Көркем сөз оқу өнері" номинациясына ие болды.