12
ноябрь
2019
"Ана тілі-жүрек тілі"




2019 жылдың 5-14 қыркүйек аралығында С. Қожанов атындағы N55 жалпы орта мектебінде "Ана тілі-жүрек тілі" атты тілдер мерекесіне орай өткізілген он күндік іс-шара барасында 5-7 сыныптар арасында "Тілден асқан қазына жоқ, тілден асқан қасиет жоқ" тақырыбында зияткерлік сайыс, "Ұлы дала табиғаты" тақырыбында ашық сабақ, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты үш тілде мәнерлеп жатқа өлең оқу сайыстары, "Тіл тазалығы - ой тазалығы" атты 9 а және 8 ә сыныптарының арасында Б. Зейдалиеваның ұйымдастыруымен шаңырақ сағаты өткізілді. Іс-шара барысында ұйымдастырылған жұмыстарға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің мүшелері А.Наурызова, Г.Кембілбекова, А.Ертасова, А. Мықтыбайқызы, Ж.Қасымбек, Э.Қарабаева, Г.Шадаева және сынып жетекшілер белсене ат салысты. Он күндік мерекелік іс-шараға белсене қатысқан үздік оқушылар алғыс хатпен марапатталды.